Барлық мақалалар

Қауымдастық түріндегі финтех: өнім арқылы емес,
серіктестік арқылы өсу

Автор: Анара Жұмаш ioka group-тың тең құрылтайшысы, ioka fintech Онлайн Төлемдер Экожүйесінің директоры

image-1

2025 жылғы 19 сәуірде Ташкентте Central Asian University Business Summit өтті. Бұл саммит Орталық Азияның іскерлік ортасына ықпал етіп отырған кәсіпкерлерді, инвесторларды және салалық көшбасшыларды біріктірді. Негізгі тақырыбы — «Экономика және көшбасшылық: болашаққа көзқарас». Шақырылған спикерлер қатарында Forbes USA төрағасы Стив Форбс, Forbes Kazakhstan негізін қалаушы Арманжан Байтасов, сондай-ақ BI Group, Hilton Tashkent және басқа да ықпалды компаниялардың өкілдері болды.

Саммит аясында мен «Қаржылық технологиялар: тұрақтылық, серіктестік, өсу» сессиясында ioka fintech кейсін ұсынып, бизнесті тек технология арқылы емес, ортақ өсу мәдениеті арқылы да масштабтауға болатынын көрсеттім.

Жолымыз қайдан басталды?

Blog content image

ioka-ны құруға дейін Мағжан екеуіміз әртүрлі салаларда жұмыс істеп көрдік: логистика, edtech, консалтинг, финтех. Әртүрлі бағытты сынап көрдік — және әр жоба, сәтті болсын, сәтсіз болсын, бір ортақ нәрсені көрсетті: шын нәтиже тек ақыл-оймен ғана емес, ықыласы бар жерде шығады. Осыдан негізгі қағиданы өзімізге түйетін болдық — бизнесті тек жүрекке жақын дүниеден құру керек.

IT саласында өзіміздің шешімімізді табамыз деп шештік — бірақ жай ғана компания ашу емес, өз құндылықтарымызды, көзқарасымызды, армандарымызды біріктіретін өнімді жасағымыз келді. 2019 жылы Мағжан екеуіміз АҚШ-қа бет бұрдық —технологиялық серпілістердің ордасы дәл сол жақ болатын. Нью-Йорк пен Вашингтон, D.C. қалаларына барып, нарықты зерттеп, қалалар атмосферасын сіңіріп, жүрекке от беретін идея іздедік. Bird, Lime, Uber сынды самокат жалдау сервистері бізді ыңғайлылығымен, масштабтауға оңайлығымен, тамаша қолданушы тәжірибесімен шабыттандырды. Осыдан бір ой туындады – осындай сервисті Алматыда неге іске қоспасқа?

Blog content image

Қазақстанға оралған соң, сервисіміздің бизнес моделін жасауға кірістік. Бірақ тез арада жүйелік проблемаға тап болдық: елімізде ондай сервисті қолдай алатын төлем инфрақұрылымы болмады. АҚШ-та онлайн төлем үшін №1 таңдау – Stripe – сенімді, ашық, әзірлеушілерге қолайлы API-мен және масштабтауға дайын шешім. Бірақ Stripe-тың даму стратегиясын қарап, Орталық Азия нарығы тіпті алыстағы жоспарларында да болмағанын түсіндік. Қазақстанда ол кезде ең жақсы эквайердің өзі айына 60 ретке дейін – 5 минуттан 30 минутқа дейін созылатын техникалық жұмыстардан қолжетімсіз болып қалатын. Қолданушы “қосымша істемей тұр” хабарламасын көріп, мәселенің эквайердің тарапынан пайда болатынын көрмейді – осылайша, компания клиенттерінен айырыла бастайды. Осы жағдай бізді түрлі ойларға итермеледі – демек, жаңаша цифрлық сервистерін ұсыну үшін алдымен сенімді инфрақұрылым құру керек.

Осылайша клиентке бағытталған, сенімді, икемді технологиялық төлем платформасын құру идеясынан ioka fintech компаниясы дүниеге келді.

Серіктестік арқылы өсу

Кейс 1

Күнделікті жүктемесі жоғары цифрлық сервис

Blog content image

Презентациямда біз тек өнімді шығарып қана қоймай, клиенттің командасымен бірігіп, технология, процестер мен клиент тәжірибесінің тоғысындағы туындаған негізгі мәселелерді шешуге көмектескен кейстерімен бөлістім.

Серіктестігіміз басталған кезде бұл компания жеткізу, бонустық бағдарламалар, онлайн-сатып алу – барлығын бір мобильді қосымшадан қолдануға болатын, бұл елдегі ең қарқынды дамитын цифрлық сервистердің бірі болды.

Мұндай жүктемеде төлемдегі аз ғана кідіріс те клиент жоғалтуға себеп болуы мүмкін еді.

Осы мәселенің шешімі ретінде біз мультиэквайеринг архитектурасын ұсындық – төлем сәтсіз болған жағдайда транзакция автоматты түрде резервтік төлем серіктесіне бағытталады. Бұл операциялардың салмағы тым көп түскен сағаттарда да үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

Сондай-ақ біз Mastercard ұсынған Masterpass шешімін, яғни карта деректерін қайта-қайта енгізбей-ақ, бір-екі рет басу арқылы төлеуге мүмкіндік беретін жүйесін енгіздік.

Нәтижесінде, операциялардың тұрақтылығы артып, төлемдердің аяқталу деңгейі жоғарылап, эквайерлік тарифтер тұрақтанды, халықаралық төлем жүйелерімен маркетингтік интеграциялар іске қосылды.

Кейс 2

Жылдамдық пен ыңғайлылыққа басымдық берген онлайн-дүкен

Осы компанияда дамыған цифрлық платформа және жеке логистика бар еді. Мақсатымыз төлем шешімдерін клиент жолын қиындатпай, керісінше жақсартатындай етіп енгізу еді.

Біз Apple Pay мен Google Pay жүйелерін енгізіп, сонымен қатар бөліп төлеу және жартылай қайтару мүмкіндіктерін қостық – демек, пайдаланушылар тапсырысты бөліп төлеуге және қайтарылған сомаға ақша алуға мүмкіндік алды.

Мобильді қосымша мен жеткізушілермен автоматты есеп айырысуды қамтамасыз ететін төлемдерді бөлу жүйесін орнаттық.

Жүйеге толықтай бейімделу үшін Apple және Google-дан техникалық сертификаттаудан өттік, төлем интерфейсін сыртқы парақтарға өтпеусіз, интуитивті әрі үйреншікті етіп жасадық.

Blog content image

Нәтижесінде, төлемдер саны артып, пайдаланушы тәжірибесі жақсарып, ішкі есеп автоматтандырылды, оған қоса, Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына толық сәйкестігіне қол жеткізілді.

Кейс 3

Автодилер сегментінде онлайн төлем

Blog content image

Шешіміміз енгізілгенге дейін клиенттер автокөлік, қосымша жабдықтар мен қызметтерге төлемді қолма-қол, POS-терминал арқылы немесе банк бөлімшесінде жасайтын. Бұл әрдайым ыңғайлы бола бермейтін және премиум деңгейдегі сервиске сай келмейтін еді.

Біз автосалон ерекшеліктеріне бейімделген QR төлем құралын ұсындық. Енді клиенттер ірі төлемдерді банкке бармай немесе қолма-қол ақша алмай-ақ, картамен, онлайн және қауіпсіз түрде жүргізе алады.

Шешімді CRM жүйесіне, кассалық бағдарламалық қамтамасыз етуге және ішкі есепке енгіздік, банктерге жүйенің техникалық ерекшеліктеріне көз жеткізіп, ірі төлемдерге бұғаттау салынбауын қамтамасыз еттік.

Нәтижесінде, көлік таңдаудан бастап, сатуға дейін клиент жолына толығымен енген, ашық әрі ыңғайлы төлем жүйесі құрылды.

Біз «таза» портфель – яғни гемблинг, темекі, алкоголь және букмекерлік компаниялармен жұмыс істемеуге ұстанымын саналы түрде таңдадық. Бұл бізге онлайн ритейл, логистика және сервис платформалары сияқты тұрақты құндылық жасайтын бизнеспен серіктестік құруға мүмкіндік береді.

Эквайрингтен экожүйеге дейін

Бүгінде ioka fintech – жай ғана төлем қабылдайтын компания емес, толыққанды онлайн төлемдер экожүйесіне айналды. Біз бизнеске: Apple Pay, Google Pay немесе сақталған карта арқылы бір басуда төлем қабылдауға, Сілтеме немесе QR арқылы ақша алуға, Төлем формасының өзінде бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынуға, Курьерлерге, жүргізушілерге немесе жеткізушілерге картаға тікелей төлем жасауға көмектесеміз. Барлығы 1С, CRM және есеп жүйелерімен оңай біріктіріледі.

Тек өнім емес, пәлсапа арқылы өсу

Blog content image

Барлық кейстерде ұстанымымыз бір болды: клиент үшін емес, клиентпен бірге жасау. Жай ғана шешімді қосу емес, оны бизнестің логикасына терең және икемді етіп енгізу.

Қазақстандағы финтех тұрақты салаға айналғаннан кейін, өзімізге келесі сұрақты қоя бастадық: біздің ұстанымымыз тағы қайда пайдалы болуы мүмкін? Жауабы анық болды – Өзбекстан, әсіресе оның қарқынды дамып келе жатқан туристік секторы. Осылайша ioka-ның travel-tech бағыты пайда болды. Бұл жай ғана жаңа өнім емес – біз өз жолымызды бастаған пәлсапамызды алып келдік: мердігер болу емес, өсу серіктесі болу.

Бұл бағыт туралы толығырақ – Мағжанның сол саммиттегі панельдік сессиядағы баяндамасында.

Біз сенеміз:

Өнімді көшіруге болса да, серіктестікті тек өсіруге болатынына сенеміз. Біз үшін финтех жай ғана транзакция миллисекундтары емес, бұл сенім, тереңдік және мағына. Бұл бірлесіп үлкен дүние құратын адамдар мен бизнес қауымдастығы.

Барлық мақалалар

Бөлісу