Құпиялылық саясаты

Соңғы жаңартылған күні:2025 жылғы 10 желтоқсан

1.1-Редакция, 10.12.2025 жылғы № 06-О/Д бұйрықпен бекітілген

  1. Құпиялылық саясатының мақсаты

    1. Біз, https://ioka.kz/ веб-сайтын (бұдан әрі – «Веб-сайт») басқаратын «ioka fintech» ЖШС (немесе «Компания»), Веб-сайтты пайдаланушылар деректерінің құпиялылығының маңыздылығын түсінеміз және осыған байланысты оларды қорғау үшін қажетті шараларды қабылдаймыз.
    2. Осы Құпиялылық саясатында (бұдан әрі – «Саясат») Сіз (бұдан әрі – «Пайдаланушы») Веб-сайтты пайдалану арқылы алуға болатын ақпаратты жинау және өңдеу туралы жалпы ережелер енгізілген.
  2. Ұғымдар туралы

    • «іoka fintech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі– Пайдаланушы Веб-сайтты пайдаланған кезде және өтініштерді жіберген кезде жиналған дербес деректер операторы (кері байланыс). Дербес деректер операторы деп дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын тұлға түсініледі.
    • Пайдаланушы– дербес деректер тиесілі субъект.
    • Дербес деректер– белгілі бір немесе олардың негізінде айқындалатын Пайдаланушыға қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасығышта тіркелген ақпарат.
    • Веб-сайт– бірегей https://ioka.kz/ бет көрсеткіші бар интернет-ресурс және ішіндегі беттер.
  3. Құпиялылық саясатының қатыстылығы

    1. Осы Саясат келесілерге қатысты:
  4. Пайдаланушы құқықтары

    1. Компанияда Пайдаланушының дербес деректерінің болуы туралы білуге, дербес деректерді жинау және өңдеу тәсілдерін, жайтын, мақсатын, көздерін растайтын ақпаратты алуға; дербес деректердің тізбесіне; дербес деректерді өңдеу мерзімдеріне, оның ішінде оларды сақтау мерзімдеріне;
    2. растайтын құжаттар болған жағдайда Компаниядан Пайдаланушының дербес деректерін өзгертуді және толықтыруды талап етуге;
    3. Пайдаланушының жеке деректерін бұғаттауды талап етуге;
    4. Пайдаланушының жеке деректерін жоюды талап етуге;
    5. дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді кері қайтарып алуға;
    6. Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңында көзделген өзге де құқықтар.
  5. Жарамды деректерді беру керек пе?

    1. Бұл міндетті емес, бірақ кез-келген жағдайда біз Пайдаланушы жіберген кез-келген деректерді жеке деректерге жатқызамыз.
  6. Біз қандай деректерді өңдейміз, олардың мақсаты, негізі және сақтау мерзімі?

    МақсатНегізіЖеке деректерСақтау мерзімі
    Пайдаланушының қаржылық қауіпсіздігі мен төлемдердің жүргізілуін қамтамасыз ету Эмитент-банктің келісімі/сұрау салуы
    • Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
    • Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
    • Абоненттік нөмір;
    • Электрондық пошта мекенжайы;
    • Транзакциялық деректер - транзакция күні мен уақыты, құны, валютасы, таңдалған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) позициялары;
    • Төлем карточкасының деректемелері
    Төлем жүргізілген (келісім берген) кезден 5 жыл
    Пайдаланушы сұрауына жауапКері байланыс түрлері арқылы алынған сұрау
    • Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
    • Абоненттік нөмір;
    • Электрондық пошта мекенжайы;
    • Сұрау мазмұны
    Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алған сәтке дейін
    Пайдаланушының электрондық пошта мекенжайына төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарлауКелісім
    • Электрондық пошта мекенжайы
    Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алған сәтке дейін
  7. Деректерді өзгертуге бола ма?

    1. Пайдаланушы төлемдерді жүзеге асыру туралы деректерді қоспағанда, деректерді өзгертуге сұрау салуды Байланыс ақпаратында көрсетілген мекенжай бойынша жіберуге құқылы.
  8. Өз деректеріңді қалай жоюға болады?

    1. Пайдаланушы Байланыс ақпаратында көрсетілген мекенжайға сұрау жіберу арқылы өз деректерін жоя алады.
    2. Дербес деректерді жою тәртібімен Дербес деректерді жою саясатында танысуға болады
  9. Кімге және қандай деректер берілуі мүмкін, беру мақсаты, негізі және сақтау мерзімі?

    Беру мақсатыКімге беріледіНегізіДербес деректерСақтау мерзімі
    Төлемдерді жүргізуТауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) Пайдаланушы төлейтін тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізушігеТауарды (жұмыстарды, қызметтерді) алу
    • Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
    • Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
    • Абоненттік нөмір;
    • Электрондық пошта мекенжайы;
    • Транзакциялық деректер - транзакция күні мен уақыты, құны, валютасы, таңдалған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) позициялары
    Төлем жүргізілген (келісім берген) кезден 5 жыл
    Төлемдерді жүргізуҚазақстан Республикасының екінші деңгей банктеріТауарды (жұмыстарды, қызметтерді) алу
    • Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
    • Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
    • Абоненттік нөмір;
    • Электрондық пошта мекенжайы;
    • Транзакциялық деректер - транзакция күні мен уақыты, құны, валютасы, таңдалған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) позициялары
    • Төлем карточкасының деректемелері
    Төлем жүргізілген (келісім берген) кезден 5 жыл
  10. Мемлекеттік органдарға және өкілетті тұлғаларға ақпаратты беру

    1. Компания дербес деректерді тиісті мемлекеттік органдарға немесе осыған өкілеттік берілген тұлғаларға өкілеттік берілген лауазымды адам санкциялаған ресми сұрау салу болған кезде ғана бере алады. Алайда, деректерді беру қатаң реттелген, Компания заңнамада белгіленген рәсімдерден тыс дербес деректерді бере алмайды
  11. Ақпараттың қауіпсіздігі

    1. Біз Пайдаланушының жеке ақпаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған рұқсатсыз кірудің алдын алу үшін шаралар қабылдаймыз. Алайда, интернет арқылы ақпарат беру толық қауіпсіз емес және біз Пайдаланушының ақпаратының қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз. Бұл ретте біз тікелей Компанияда сақталатын ақпараттың қауіпсіздігіне кепілдік береміз.
  12. Құпиялылық саясатындағы өзгерістер

    1. Біз осы Құпиялылық саясатын кез-келген уақытта өзгерту құқығын өзімізде қалдырамыз. Кезкелген өзгерістер https://ioka.kz/ веб-сайтының «Құқықтық ақпарат» бөлімінде жарияланады. Жаңартулар туралы хабардар болу үшін осы бөлімге үнемі кіріп тұруды ұсынамыз.
  13. Байланыс дерегі

    1. Сұрақтар туындаған жағдайда Сіз мына мекенжайға жүгіне аласыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Инженерная көшесі, 15 үй.

      Телефон: +7 701 540 18 02

      Электрондық пошта мекенжайы: support@ioka.kz

Дербес деректерді жою саясаты

Соңғы жаңартылған күні:2025 жылғы 10 желтоқсан

1.1-Редакция, 10.12.2025 жылғы № 06-О/Д бұйрықпен бекітілген

  1. Жалпы қағидалар

    1. Біз, https://ioka.kz/ веб-сайтын (бұдан әрі – «Веб-сайт») басқаратын «ioka fintech» ЖШС (немесе «Компания»), жеке деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және жоюға байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсінеміз және осыған байланысты жеке деректерді жою процедурасын бекітеміз.
    2. Осы Дербес деректерді жою саясатына (бұдан әрі – «Саясат») дербес деректерді жою рәсімі туралы жалпы қағидалар енгізілген.
  2. Ұғымдық аппарат

    • «іoka fintech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Пайдаланушы Веб-сайтты пайдаланған кезде және өтініштерді жіберген кезде жиналған дербес деректер операторы (кері байланыс). Дербес деректер операторы деп дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын тұлға түсініледі.
    • Пайдаланушы– дербес деректер кімге тиесілі дербес деректер субъектісі.
    • Дербес деректер– белгілі бір немесе олардың негізінде айқындалатын Пайдаланушыға қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген ақпарат.
    • Веб‑сайтhttps://ioka.kz/ бетінің бірегей көрсеткіші бар интернет-ресурс және ішіндегі беттер.
    • Дербес деректерді өңдеу– дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған іс-әрекеттер.
    • Дербес деректерді жою– нәтижесінде дербес деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайтын әрекеттер.
    • Жауапты тұлға– Компания басшысының бұйрығымен осыған өкілеттік берілген дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлға.
  3. Саясаттың қолданылуы

    1. Осы Саясат келесілерге қатысты:
  4. Пайдаланушы құқығы

    1. осы Саясатта көрсетілген байланыс деректері бойынша Компанияға сұрау салу жолдау арқылы өзінің дербес деректерін жоюды талап етуге;
    2. дербес деректерді жоюдан бас тартылған жағдайда дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі өкілетті органға жүгінуге;
    3. Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңында көзделген өзге де құқықтар.
  5. Компания міндеттері

    1. Дербес деректерді жинау, өңдеу шарттары бұзылған жағдайда:
      1. 5.1.1. Компания сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде дербес деректерді жинау, өңдеу шарттарын бұзу туралы Пайдаланушының сұрау салуын өңдейді.
      2. 5.1.2. Компания 1 (бір) жұмыс күні ішінде дербес деректерді жинау, өңдеу шарттарының бұзылуы туралы ақпарат болған жағдайда Пайдаланушыға қатысты дербес деректерді бұғаттайды.
      3. 5.1.3. Компания 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып немесе Қазақстан Республикасының Заңында «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген басқа жағдайларда оларды жинау, өңдеу дерегі расталған жағдайда дербес деректерді жояды.
    2. Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге келісімін қайтарып алған/Пайдаланушының дербес деректерді жоюға сұратқан жағдайларда:
      1. 5.2.1. Компания Пайдаланушының дербес деректерді өңдеуге келісімін қайтарып алуды/Пайдаланушының дербес деректерді жоюға сұрау салуын кері қайтарып алу/сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өңдейді.
      2. 5.2.2. Компания кері қайтарып алу/келісімді өңдегеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде пайдаланушыға қатысты дербес деректерді бұғаттайды.
      3. 5.2.3. Компания кері қайтарып алу/келісім алған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дербес деректерді жояды.
  6. Дербес деректерді жою жағдайлары

    1. Компания алған Дербес деректер келесі жағдайларда жойылады:
      1. 6.1.1. дербес деректерді өңдеу мерзімі аяқталды.
      2. 6.1.2. дербес деректерді өңдеу мақсатына қол жеткізілді.
      3. 6.1.3. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, өзінің дербес деректерін жоюды сұрады.
      4. 6.1.4. егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушы Дербес деректерді өңдеуге келісімін қайтарып алды
      5. 6.1.5. дербес деректерді өңдеу Дербес деректер туралы заңнаманы бұза отырып жүзеге асырылды
      6. 6.1.6. соттың немесе өкілетті органның дербес деректерді жою туралы күшіне енген шешімі.
      7. 6.1.7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
  7. Дербес деректерді жою рәсімі

    1. Дербес деректерді жою ақпаратты қайтарымсыз жоюды қамтамасыз ететін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып жүзеге асырылады.
    2. Дербес деректерді жою мынадай рәсім бойынша жүргізіледі:
      1. 7.2.1. жеке деректер компанияның барлық дерекқорларынан жойылады;
      2. 7.2.2. дербес деректері бар материалдық тасымалдағыштар физикалық жою жолымен (мысалы, жою, қайта жазу, магнитсіздендіру, пішімдеу және дербес деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік бермейтін өзге де тәсілдермен) жойылуға жатады.
      3. 7.2.3. дербес деректерді жою рәсімінен кейін Компания дербес деректерді жою туралы Акт жасайды (№1 қосымша).
      4. 7.2.4. қажет болған жағдайда дербес деректерді жою туралы Акт дербес деректерді жою фактісін растау мақсатында пайдаланушыға беріледі.
      5. 7.2.5. Дербес деректерді жою туралы Актіге жауапты тұлға қол қояды.
  8. Қызметкерлерді оқыту

    1. Біз дербес деректерге қол жеткізе алатын қызметкерлерді дербес деректерді қорғау мәселелері және дербес деректерді жою рәсімі бойынша оқытуды жүргіземіз.
    2. Оқыту жұмысқа қабылдау кезінде міндетті түрде және жылына кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізіледі.
  9. Қорытынды қағидалар

    1. Біз осы Саясатты кез келген уақытта өзгерту құқығын өзімізде қалдырамыз. Кез-келген өзгерістер https://ioka.kz/ веб-сайтының «Құқықтық ақпарат» бөлімінде жарияланады. Жаңартулар туралы хабардар болу үшін осы бөлімді үнемі қарап тұруды кеңес етеміз.
    2. Біздің дербес деректерге қол жеткізе алатын қызметкерлеріміз осы Саясатты сақтауға міндетті, сондай-ақ ол бізге өздерінің дербес деректерін жоюға сұрау салумен жүгінетін барлық Пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады.
    3. Осы Саясат қолданылу мерзімі өткеннен кейін немесе Саясаттың жаңа редакциясы қабылданған жағдайда өз қолданысын тоқтатады.
    4. Осы Саясат Компанияның ресми сайтында орналастырылады және барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін қолжетімді.
  10. Байланыс ақпараты

    1. Сұрақтар туындаған жағдайда Сіз мына мекен-жайға жүгіне аласыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Инженерная көшесі, 15 үй.

      Телефон: +7 701 540 18 02

      Электрондық пошта мекенжайы: support@ioka.kz